Jump to content

Page:Akbope (Isa Baizakov 1945).pdf/18

From Wikisource
This page has been validated.

Ұйкысын жым-жырт түннің бірден ашып.
Сезілді айқасқаны айға барып.

Сонынан үрдіс кетті «Қанат талды»,
Қалыктап жерге түспей тұрып алды.
Жаныңның бірге шертіп нәзік қылын,
Ұйткытып ойламаған ойға салды.

Әннен ән, ағытылды дене балқып,
Талықсып кейде тынып, кейде шалқып.
Әндердің аспандаған тасқынымен,
Бар еркі Ақбөпенің жүрді қалқып.

Әнінің ырғағымен құбылғанда,
Өзіне көз біткенді алды тартып.
Мөлдіреп Ақбөпенің қарауында,
Алгандай өз мойнына міндет артып.

Нәр тауып жанның шөлі мейірі қанып,
Тарады тұлабойға балдай тамып.
Алпыста аузын ашқан кемпірлердің,
Лап етіп қалды бір-бір оты жанып...

Сондайда таң аяғы қандай қысқа,
Байқаусызда ата салад, бостан босқа.
Қалыпты сүйек жалаң, ет сорпа боп,
Күн шыға қолы тиді жұрттың асқа.

Өйтпесе сәні келіп жараса ма,
Қалыпты әржерде ұйыктап бала-шаға.
Күн жаңа найзабойы көтеріле,
Тарады келген халық тамашаға.

Түрменен қызыл-жасыл қайысып жер,
Топтанып атқа мінді шет келгендер.
Сыпайы қалжыңдасып қыймағандай,
Соң шықты барлығынан Ақбөпелер.

17