Jump to content

Page:Akbope (Isa Baizakov 1945).pdf/17

From Wikisource
This page has been validated.

«—Бітеді ніл дарияға жалғыз қайық.
Әркашан құрбы білер құрбы жайын.
Нақыстап бажайына келтіретін,
Ағалар жаңа талап Жолдыбайдың.

Ауылым Қызыл қақтың бауырында.
Танаштың дерт жабысты ауылында.
Кұдай-ау, осы дерттен қазам жетсе,
Ете гөр Мұхамбеттің қауымында.

Аққурай, қарақурай, қурай-қурай,
Құдайым қызды ауылмен сыбай қылғай.
Шешесін алты ай жаздай ауру қылып
Құлағын әкесінің саңырау қылғай...»

Ду күлді отырғандар, пәле-пәле,
Тағы да айтатының бар ма кәне.
Жол енді құдалардан басталсын деп,
Сөйледі көсемсініп Ұрқыя әне.

Ұсынды Әмірханға домбыраны,
Сіз ғой деп көпшіліктің қалағаны.
Айтыныз жиен құда халық құмар,
Әсіресе бізге таңсық қырдың әні.

Бір жұмбақ адам айтпай өзі егіліп,
Бетіне ұят каны тұр себіліп.
Ақбөпе Әмірханға наз еткендей,
Тілеген күлкісінен гүл себіліп.

«Оншама жұрт айтарлық әнші де емен,
Қайтпасын меселіңіз сіздің берген.»
Азырақ бастап шертіп алдыдағы,
Кұдыйтты «Кұлагер»ді төңкерілген.

Аспандап дауыс кетті түнді жарып,
Тамылжып сорғалады жанға дарып.

16