Қоймаймын жер түбіне кетсеңдер де,
Айқас деп жігіт болсан айқай салад.
Айқасты ап дегеннен Қожақ барып,
Құштырды аттың жалын бір-ақ салып.
Алыспай, кезек ұрып өтіп кетті,
Көлденең кесе шауып Айтбай барып.
Ағызып ақтарланға қамшы сала.
Қырандай тура шүйді алдын ала.
Тістеніп Аужан ұрды, қақты Әмірхан,
Алып қол дарытпады өз маңына.
Түйіліп қарсы шапты қайта оралып,
Орайын осы ма? деп кетті салып.
Атының мойнын құша барып түсті,
Жөнелді тышқан сұрды іліп алып.
Азар деп Қожақ батыр есін жыйды,
Өйткенмен ұмытпастай алды сыйды.
Сүйткенше ұмар-жұмар тобы жетті,
Сар дала қан сағынып шертті күйді.
Қапелім Әмірхандар қаша ұрысып,
Талайы қан боянып аттан түсіп.
Қара жер суық бауырын бір қыздырды,
Құмардын қыянатқа қанын ішіп.
Қос атпен Қожақ кетті ілгері ұрып,
Жетекте «тышқан сұр» ат, желдей есіп,
Қаптады қара боран тозаң көкті;
Ұйлығып үйіріліп бұлттай көшіп.
Айтбайды ортаға алды көбі жетіп;
Әмірхан құлатып жүр ағып өтіп.
Қос тиіп қабатынан ұрған сойыл.
Біркезде Айтбай түсті әлі кетіп.
53