Jump to content

Page:Akbope (Isa Baizakov 1945).pdf/28

From Wikisource
This page has been validated.

Атағы Ақбопе мен Әмірханның,
Жайылды заматында талай жерге.

Сұм Әбіш біліп алып жұртқа шашты,
Өсекті үйірілтіп бетін ашты.
Ағайын, көршілес ел араз болып,
Аз күнде берекенің құты қашты.

Недерін ел мен жұртқа білмей Қасым,
Ұғалмай көзі жетіп қарындасын.
Қорлық, деп Акажанның күш айтқаны
Ойланып көп отырды шайқап басым.

Жол таппай туысына сөз салуға,
Тағы ұят Әмірханды қолға алуға.
Әмірхан Айткожамен жолдан келсе
Ауылдың кетіп отыр салы суға.

Әмірхан сездірмеді ішкі сырын,
Келіскен Ақбөпемен күні бұрын.
Естіді ел шетіне келісімен,
Келед, деп Ақбөпенің күйеуі ұрын

Жалғыз дос Айтқожа еді Әмірханға,
Өлсе де ол айтпайды басқа жанға.
Жарлының жалғыз өскен бұ да бірі,
Дос болған Әмірханмен ұғысқанда.

Әмірхан ақылдасты Айткожаға,
Бұл елде тұру бізге жөн бола ма?
Әкеме айт Текедегі елге көшсін,
Болмайды жайлы қоныс бұл арада.

Қыйналар нағашым да жол табалмай,
Қала боп қалар халық есі қалмай.
Көшірсін жұрт көзінше елің тап деп,
Түсіндір жасырмай-ақ сен осылай.

27