Jump to content

Page:Akbope (Isa Baizakov 1945).pdf/27

From Wikisource
This page has been validated.

Белі сол Ақажанның сенетұғын,
Әзір тең ер шыққан жоқ жеңетұғын.
Тоңырайған, тоң мінезді баласы бар,
Ынжық деп ауыл үйі күлетұғын.

Сонда да Құдияр, деп әкесі оны,
Әке үшін қадірлейтін елі мұны.
Ақажан ыза болып ұрсатұғын,
Баласы қыңырайғанда білмей соны.

Болған соң бастан ынжық оңала ма,
Ондайлар бір қыйсайса тіл ала ма?
Дөйтс десе, қорс етеді қоңырайып,
Ақылы қамшы жұмсау, қолда ғана.

Шақырып Кәрібай бастап елі қызды,
Жібер деп жігіттері, жыйып бізді.
Қарайтын алды-артына немене бар,
Келейік шаштан сүйреп ондай қызды...

Сөйлесті кұдасына кісі салып,
«Отырмыз бір суық сөз қабарланып.
Егер де Көпбай ойы адал болса,
Тез берсін келінімді малын алып!»

Көпбайға жаңа туды ақыр заман.
Дүниеде іс болама бұдан жаман.
Балама ондай атақ атамасын,
Айта бар Ақажанға сенсін маған.

Жайлауда ұзатайын күзге бармай,
Қызығын тез көрем деп ойласа ондай.
Даярлап үй жабдығын бітіргенше,
Кұдаға айт, мұрсат берсін, енді бір ай.

Бұл қабар жарыя болды барлық елге,
Ой түгіл, қырдан асып жетті шөлге.

26