Jump to content

Page:Akbope (Isa Baizakov 1945).pdf/42

From Wikisource
This page has been validated.

...Сол күні Әмірхандар сауық құрып,
Кәрі, жас маңындағы балқып еріп,
Жоқ іздеп шаршы түсте шығып еді,
Бір жігіт шапты ауылға атой беріп.

Келеді тура тартып Әмірханға,
Асығып қарамастан басқа жанға.
Ақбөкен әнеу күнгі тағы келді,
Әмірхан аттана көр ақтарланға.

Әмірхан ақтарланға тез салды ерді,
Ақбөпе ақ сойылын әкеп берді.
Қайда дейді - сыртқы өзекке жаңа түсті,
Дайыны бетіне алды айтқан жерді.

Өзектен ағып өтіп шықты белге,
Аз жігіт қарамады кейінгі елге.
Ақбөкен көріп қалып аңыратты,
Лақтырды төсеп алып, төсін желге.

Туседі қарғығанда арқан бойы,
Сынасын екі жүйрік болды тойы.
Қоянды қойтас тауы қайдасын деп,
Тас қашап, ішіне жетпек ойы.

Жұлдыздай іңірде аққан ақты бөкен,
Тозаңы өрт жанғандай шықты төтен;
Сағымға ылдый төмен суға шапты,
Бұдан да озар жүйрік болар ма екен?

Кейінгі қалған елде көбейді айғай,
Дақбыртпен кетіп жатыр шыдам қылмай.
Желіде тұрған жылқы сол-ақ болды,
Мінгені кейбірінің құнан мен тай.

Күтулі аты бардың бір талайы,
Соңынан Әмірханның кетті қалмай.

41