Дариғай тұтқынбекен о да мендей,
Қан жұтып мен бе екенмін ойлағаны.
Жылау ма барлық өмірім бұдан әрі,
Ұялап өткені ме сұмның зәрі.
Еркінбе, күші жеткен еңіретуге,
Жарлының жазалы ма әлде бәрі.
Жоқ әлде, күңдік үшін жаралдық па?
Әуелден осы азапқа арналдық па?
Анадан басқа туған, біз де тудық.
Аққұла халық атынан қарғалдық па?
Әйтпесе тұтқын болам неге бұлай?
Ес кіріп ержетсем де ерік алмай?
Малды да мен секілді қор етпейді,
Арсыз жан әлі де тұр шығып болмай.
Көрмей-ақ өлемін бе Әмірханды,
Шыдатпай кездескенше шыбын жанды.
Жаралған бар жәндіктің қоры болдым,
Жем қылды шыбын-шіркей қатқан қанды.
Талықсып кұлап кетті тағы жылап:
Адам жоқ, білетуғын халін сұрап.
Байлауы жібермейді екі қолдын
Асылып арқанына тұр салбырап...
Көптен соң енесі кеп қолын шешті,
Біреулер теріге сал өлер, десті.
Қазықтан екі қолын босатқанда,
Қармалап қара жерді құлап түсті.
Үстері өрім-өрім дал-дал болған,
Аймағы алабажақ, қан бояған.
Қойыпты жалаң аяқ киіндірмей,
Күзіктің белгісі деп осы саған.
39