Кәрібай мен Ақажанның қаны бұзық,
Әйтеуір істетпендер ұрыс, жаңжал.
Өзді-өзін ақылдасып бас-аяғын,
Менің сол айтатыным тез қабар сал.
Жарайды, мақұл десті Бектас, Қасым,
Екпіні Ақажанның өте басым.
Қай күні шауып-шаншып кетеді деп,
Тығылад тамағыма ішкен асым.
Керейге жолын тапса бұрын барад,
Естуім Әмірханнан кегін алад.
Еліме Ақбөпені бір әкелмей,
Тынбаймын деген қабар ду-ду жанад.
Астыртын жайын байқап аялдайық,
Әзірше кішірейіп сөз салмайық.
Бəрі бір енді Ақажан аямайды,
Түбінде Керейменен бір болайық.
Ақажан мықтыларды алды бізден,
Болыс, би, сөз берген соң елімізден.
Сақ болып ат жаратып тұру керек,
Ешкімді шет шығармай өзімізден.
Керейге бүгін ертең өзім барам,
Алдырмас Ақажанға айла табам.
Ақбөпе Әмірханмен тая тұрсын,
Қабарлап кұдаларды сақтандырам...
X
Аққөл мен Жалаулының екі арасы,
Өзенді өлке бойы кең саласы.
Ел қонған ұлан байтақ қаз тізіліп,
Ортада Ақажанның ақ ордасы.
37