Жоқ қылып Әмірханның басын жұтып,
Отауға бір әкелем сол күнді алып...
IX
Айналып әке менің кетті басым,
Бойыма тарамайды ішкен асым.
Оңаша, үй іші боп отырғанда,
Бар ойын түк қалдырмай айтты Қасым.
Жүргенің есіңде ме ботпан қазып,
Шеңберден шығып кеттің бүгін азып.
Әлімнің екі балаң сарқыты едік
Ашымай енді жаның жүрсін жазып.
Қайқайып пимаң басы көлік айдап,
Салдырап қатқан тоның сорың қайнап.
Жайланып ас ішуге шамаң келмей,
Суықта қатқан нанды күрт-күрт шайнап.
Біз едік екі балаң сонда туған,
Кезінде, екі бетті жаспен жуған.
Еңбекке есті жыя ие болып,
Біз едік азабынды бастан қуған.
Айдардан айналасы азғантай үй,
Қонданып он-онбес жыл біткелі күй.
Үйреніп егін салып мұжықтардан,
Болғаның кеше емес пе дәулетке би
Естідім біз сенетін жан қалмаған,
Болыспайд, қасқа жайсаң енді саған.
Болыстар Ақажанға сөз беріпті,
Мейлі деп аударсаң да аймағынан.
Олардың құлқыны да ойлағаны,
Дейсін бе, бұқарасы сыйлағаны.
35